USD
USD
USD

Астанада мас ер адам ұрлыққа түскен

Астанада мас күйде пәтерге ұрлыққа түскен ер адам анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада мас ер адам ұрлыққа түскен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сарыарқа ауданы Полиция басқармасының кезекші бөліміне елорда тұрғыны пәтерінен жеке заттарының жоғалғаны туралы өтінішпен жүгінді. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақмола облысының 41 жастағы тұрғынын анықтады. Оның Дүкенұлы көшесіндегі көппәтерлі үйдің маңайында жиі болатыны және жан-жағын қарастырып жүргені анықталды. Сонымен күндізгі уақытта жеткілікті мөлшерде ішімдік ішкен ер адам кіреберіске кіріп, құлыпталмаған есіктерді іздеп, тұтқаларын тарта бастаған.

Пәтерлердің бірінде иелері жоқ екеніне көз жеткізген ол құлыпты бұзу арқылы екі ер адамның күртешесін, қысқы кроссовкаларын және пәтер кілттерін ұрлап кеткен. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Полиция департаменті пәтер ұрлығының алдын алу мақсатында сақ болуға және қауіпсіздік шараларын сақтауға, атап айтқанда бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға, тұрғын үйдің есігін аз уақытқа да ашық қалдырмауға кеңес береді.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке үкім шықты

Қамшыбек Ташиев

«Қазселденқорғау» үш облыста сел жүруі мүмкін екенін ескертті

сел

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы