USD
USD
USD

Астанада мас ер адам әйелін балконнан итеріп жіберді

Астанада Алматы ауданының №2 соты отбасылық жанжалдан кейін жұбайын балконнан итеріп жіберген ер адамға айыптау үкімін шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанада мас ер адам әйелін балконнан итеріп жіберді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қалалық соттың мәліметінше, ер адам мас күйінде үй ішінде жанжал шығарып, әйелін ұрып-соққан және тұншықтырып, балконның терезесінен шығарып, 2-қабаттан лақтырып жіберген.

"Салдарынан әйелдің денсаулығына ауыр зақым келген. Ер адам өз кінәсін мойындады, оны жәбірленушінің айғақтары мен сот сараптамасы қорытындысы және істің басқа материалдары да растады", - делінген хабарламада.

Прокурор айыптауды қолдады.

Сот қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде сотталушының шын жүректен өкінгенін назарға алды.

Одан бөлек, мас күйінде қылмыс жасауды ауырлататын жағдай деп таныды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігінің санкциясы (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) 3 жылдан 8 жылға дейін бостандықты шектеу немесе айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сот үкімімен ер адам денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG

«Зор қолдау сездім»: Айжан Аймағанова Құрылтай депутаты ретіндегі екі аптасы қалай өткенін айтты

Құрылтай депутаты