USD
USD
USD

Астанада мас ер адам жүк көлігін ұрлап, кабинасында ұйықтап қалған

Астанада мас азамат жүк көлігін ұрлап, оның кабинасында ұйықтап қалған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада мас ер адам жүк көлігін ұрлап, кабинасында ұйықтап қалған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Байқоңыр аудандық полиция басқармасына қала тұрғыны Ивеко көлігінің жоғалғаны туралы хабарлаған. Ер адам айтқандай, көлікті Кербұлақ жолындағы үйдің жанында қалдырған. Ұрланған көлікті іздеуге полицияның тиісті қызметтері жұмылдырылып, жедел іс-шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері Республика даңғылының бойында ұрланған жүк көлігін тапқан.

Белгілі болғандай, аталған көліктің ішінде масаң күйде оны тізгіндеп кеткен ер азаматтың  ұйықтап жатқанын анықтап, тиісті шара қабылдаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 37 жастағы Астана тұрғыны түнде тұрғын үйдің жанынан есіктері ашық қалған жүк көлігін көріп, жолға шығуға шешім қабылдап, көлікті ұрлап кеткен.

Ұрлық фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адамның бұрын сотты болғаны анықталып, оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Қайрат Сатыбалдының мемлекете сыйға тартқан қонақүйі үш есе арзанға сатылды

DoubleTree by Hilton

Ресейлік сарапшылар мен дипломаттар Тоқаевтың Жолдауын талқылады

.

Ақтөбе облысында тоғыз күн ішінде «Қазхромның» екінші жұмысшысы қаза тапты

ТЖ

«Самұрық-Энерго» компаниясының жаңа басшысы тағайындалды

Аңсар Айдаров