USD
USD
USD

Астанада Махатма Гандиге ескерткіш қойылды

 Ганди Үндістаннан шыққан 20 ғасырдың белді де, беделді саясаткері Махатма Гандиге Астанада  ескерткіш қойылды.

Астанада Махатма Гандиге ескерткіш қойылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның зорлық-зомбылыққа қарсы философиясы адамзатқа қалдырған рухани мұра іспетті. Қайраткердің мүсіні Есіл өзенінің бойындағы аллеяға орнатылды. Оның ашылу салтанатына Үндістанның мемлекеттік сыртқы істер және мәдениет министрі Минакаши Лекхи арнайы қатысты. Іс-шара Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 30 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Айта кету керек, биыл Дели қаласында хакім Абай Құнанбайұлына ескерткіш бюст қойылған болатын. 

Минакаши Лекхи, Үндістан Мемлекеттік сыртқы істер және мәдениет министрі:

Бұған дейін сіздердің елге жасаған сапарым кезінде қазақстандық билік өкілдеріне үндістандық туристер үшін визасыз режим жасауға өтініш білдірдім. Бұл мәселе шешімін тапты. Қазақстан Үндістан азаматтарға 14 күнге дейін визасыз жүріп-тұруға рұқсат берді. Бұл үшін Қазақстанға үлкен алғыс білдеремін. Қос елдің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас бұдан әрі де дами түсуіне күш саламыз.

Қазір оқып жатыр

Жаңаөзен әкімнің бұрынғы орынбасары ауруханаға демеуші бөлген қаржыны жымқыру ісі бойынша тексерілуде

ҚМА қызметкерлері мен күдікті

Қытайлық Temu маркетплейсіне Швейцарияда сатушыларға қысым көрсетті деген айып тағылды

Temu

Елена Рыбакина US Open финалына шықты

Елена Рыбакина

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик