USD
USD
USD

Астанада лифтіде әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам сотталды

Астанада әйелін лифтіде соққы жыққан ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Есіл ауданының №2 аудандық соты оны кінәлі деп таныды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанада лифтіде әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты әйелін бірнеше рет қатыгездікпен және жүйелі түрде ұрып-соғу арқылы денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіру дерегі бойынша Б.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды", - делінген хабарламада.

Соталды тергеу барысында 2018 жылдан 2020 жылға дейін әйелі жүкті екенін және материалдық тұрғыда күйеуіне тәуелді екенін біле тұра күдікті әйеліне физикалық және психологиялық тұрғыда зиян келтірген.

"Айыпталушы Б.-ның кінәсі дәлелденіп, сот қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша оған 4 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жәбірленушінің пайдасына сотталушыдан екі миллион теңге сомасында моральдық залалдың өтемақысы және 4 миллион теңгеден аса мөлшерде материалдық залал өндірілді", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері