USD
USD
USD

Астанада лифт ішінде мысықты тепкен ер адам қамалды

Астанада полицейлер мысыққа қатегіздік танытқан ер адамды анықтады, деп жазды Stan.kz.

Астанада лифт ішінде мысықты тепкен ер адам қамалды
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Полиция мәліметінше әлеуметтік желіде мониторинг жүргізу кезінде жігіттің Қошқарбаев көшесіндегі үйдің лифтінде мысықты теуіп, кейін дәрет сындырғаны анықталған. 

Көп ұзамай Алматы аудандық полиция басқармасы тәртіп бұзушыны ұстады. Ол 19 жастағы қала тұрғыны екен.

“Күдіктіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" және 407-1-бабы "Жануарларға қатігездікпен қарау" бойынша екі әкімшілік іс қозғалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Материал Астана әкімшілік құқық бұзушылық бойынша мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілді", – делінген полиция хабарламасында. 

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова