USD
USD
USD

Астанада құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды.

Астанада құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй кешені пайдалануға берілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Жылдар бойы құрылысы тоқтап тұрған нысанды аяқтадық. "Тұран Сығанақ" тұрғын үй кешенінің құрылысы сонау 2014 жылы басталған. Үлескерлер 9 жылдан кейін барып баспанасының кілтін алды", - деп мәлімдеді қала әкімі Жеңіс Қасымбек.

Нысан қабылданған кезде кейбір блоктарының құрылысы тіпті басталмаған. Үлкен жүйелі жұмыс жүргізілді.

"330-дан астам үлескер отбасының проблемасын шештік! Мұнда "Тұран Сығанақ" тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан бөлек құрылысы ұзаққа созылған өзге де нысандардың үлескерлері баспаналы болды", - деп бөлісті қуанышты жаңалықты қала басшысы.

Астана әкімдігі биыл құрылысы ұзаққа созылған 30-дан астам тұрғын үй кешенін аяқтауды жоспарлап отыр. Осылайша, 4 мыңға жуық үлескер отбасы баспаналы болмақ.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон