USD
USD
USD

Астанада курьер тапсырысты жедел жеткізу үшін бөтеннің велосипедін айдап кеткен

Астанада курьер тапсырысты жедел жеткізу үшін бөтеннің велосипедін заңсыз иемденген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада курьер тапсырысты жедел жеткізу үшін бөтеннің велосипедін айдап кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Байқоңыр аудандық полиция қызметкерлері велосипед ұрлауға қатысы бар курьерді анықтады. Полицияға қала тұрғыны хабарласып, түнгі уақытта тұрғын үйдің аумағынан велосипедінің із-түссіз қолды болғанын айтып, 200 мың теңге көлемінде шығын келтіргенін жеткізген.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары барысында 20 жастағы жігіттің курьер болып қосымша жұмыс істегенін, ұрланған велосипедті жеке мақсатына пайдаланбақ болғанын анықтаған.

Белгілі болғандай, жедел қызметтің сақшылары тұрғын үйге кіреберістегі бейнежазбаны қарап, одан күдіктінің кім екенін анықтаған.

Құрықталған жігіт кінәсін мойындап, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

Қазір оқып жатыр

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала

Қайрат Сатыбалдының мемлекетке сыйға тартқан қонақүйі үш есе арзанға сатылды

DoubleTree by Hilton

Ресейлік сарапшылар мен дипломаттар Тоқаевтың Жолдауын талқылады

.

Ақтөбе облысында тоғыз күн ішінде «Қазхромның» екінші жұмысшысы қаза тапты

ТЖ