USD
USD
USD

Астанадағы көпқабатты тұрғын үйдің тұрағында Range Rover өртенді

Астанада көпқабатты тұрғын үйдің тұрағында Range Rover көлігі өртенді, деп хабарлайды қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметі.

Астанадағы көпқабатты тұрғын үйдің тұрағында Range Rover өртенді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «9 тамыз күні сағат 13.54-те Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Ақан сері көшесінің бойындағы тұрақта автокөлік өртеніп жатыр деген кезекті қоңырауға барды. Өрт сөндірушілер келген соң, алты минуттан кейін көпқабатты тұрғын үй кешенінің тұрағында Range Rover автокөлігі өртеніп, қою түтін шыққаны анықталды», - делінген хабарламада.

Өртті сөндіру кезінде астаналық өрт сөндірушілер бес адамды, оның ішінде бір баланы құтқарып, 150 адамды, оның ішінде 30 баланы эвакуациялады.

Зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 14.40-та сөндірілді. Өртті сөндіруге Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінен барлығы 57 адам мен 14 техника, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының үш адамы мен бір техникасы және 103 қызметінің үш адамы мен бір техникасы жұмылдырылған. Қазіргі уақытта арнайы техниканың көмегімен тұрақтың іші түтіннен тазартылып жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты