Астанада көмір тұтыну көлемі 25%-ға азайған
Елорда тұрын үйлерін газбен қамтамасыз ету қарқынды түрде жүзеге асып жатыр. Осының есебінен көмірді тұтыну көлемі азайған.
Яғни, бұл биылғы жылыту маусымында былтырға қарағанда көмір жағу 113 мың тоннаға азайған. Енді жаңа үйлерді газға қосу арқылы бұл көрсеткіш ай сайын тек өсіп отырмақ.
Атап айтсақ, Сарыарқа және Алматы аудандарындағы тұрғын үйлерді газға қосу мүмкіндігі толығымен қамтамасыз етілген. Ол үшін қалада 680 шақырымнан астам газ тарату желісі салынды және кварталішілік желілер тартылды. Осы екі ауданда үйлердің 65 пайызы газға көшті (Сарыарқа және Алматы аудандарында). Барлығын бірге алғанда газға 7,5 мыңнан астам үй қосылған.

Сондай-ақ Байқоңыр және Есіл аудандарында да газ құбырын жұмысы жүріп жатыр. Ал оған келер жылдан бастап кварталішілік желілер қосылады. Биыл аудандық «Тұран», «Телман» қазандықтарына және Ильинка (Үркер), Өндіріс, Телман, Пригородный, елдімекендерінде, сол сияқты «Family Village» және «Garden Village» шағын аудандарына газ жеткізу желісінің құрылысы басталды.
Шұбар шағын ауданында да жобалау жұмысы жүріп жатыр, ал кварталішілік желілердің құрылысы 2023 жылы басталады.
Сонымен қатар әлеуметтік нысандар да газға қосылады. Дегенмен елдімекендерде орталық жылу жүйесіне қосылмаған әлеуметтік нысандар бар. Олар автономды жылу көздері арқылы жылытылды: көмір арқылы немесе дизель отыны арқылы, алайда бұл бірнеше есе қымбатқа түседі. 20 әлеуметтік нысанның, яғни Алматы және Сарыарқа ауданының 13 нысаны газға ауыстырылды. Осы нысандарды газға ауыстыру есебінен жалпы үнемдеу жылына 1 млрд теңгеден асып отыр.

Бұған дейін ынталандыру және көмек көрсету үшін Астана әкімдігі бірқатар әлеуметтік шаралар қабылдады. Оларға тоқталатын болсақ, үйлерді газға қосуға арналған құжаттар тізімі екі есе қысқартылды; халықтың мұқтаж санаттарына бөлінетін сома 2 еседен астам ұлғайтылды, нақтырақ айтқанда 430 мыңға дейін; тегін негізде газды есепке алу құрылғылары мен есептегіштер беріледі; банк арқылы бөліп төлеу және пайызсыз кредиттеу мүмкіндігі қарастырылды.
Қорыта айтқанда, көмірден біртіндеп бас тарту арқылы тұрғын үйлердің толығымен газдандыру қаланың экологиясын едәуір жақсартып қана қоймай, жеке сектор тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.