USD
USD
USD

Астанада қысқы спорт маусымы ашылды

Тәуелсіздік күні елордада қысқы спорт маусымы ашылды. Оған 300-ге тарта қала тұрғындары мен қонақтары қатысты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астанада қысқы спорт маусымы ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жарысқа арнайы Ақмола облысы, Көкшетау, Ерейментау қаларынан 120-ға жуық әуесқой шаңғышыларда қатысты.

Шараның ашылу салтанатында сөз алған Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев қатысушыларға сәттілік тілеп, шаңғы жарысының қатысушыларына «старт» берді.

"1985 жылы ашылған шаңғыроллер тасжолы - спортшылар ұнататын орын. Мұнда жазда велосипедшілер мен роллерлер, ал қыста шаңғышылар жиналады. Дәстүр бойынша шаңғыроллер тасжолында қысқы маусым шаңғы жарысымен ашылады. Биылғы алғашқы жарысқа қатысушылар арасында 80-ді еңсерген қарияларымыз бен, 7 жастағы шаңғышыларда бар", - дейді қалалық спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев.

Сонымен қатар шара аясында қала тұрғындары үшін гір тасын көтеру, қол күресі, арқан тартыс және белбеу күресі секілді спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін спорттық шара мен шаңғы жарысының жеңімпаздарын әр жас тобы бойынша бағалы сыйлықтармен, дипломдармен және медальдармен марапатталды.

Қазір оқып жатыр

Қамаудан босатқан күдіктіні қайта ұстаған: заң не дейді?

Заң

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Салық

Құрылтайда жаңа депутаттық топ құрылды: оны Дана Медеуова басқарады

Дана Медеуова

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК