USD
USD
USD

Астанада Қазақстан-Франция экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының XV отырысы өтті

Бұл іс-шара ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев пен Францияның Сыртқы сауда, экономикалық тартымдылық және шетелдегі француз азаматтарының істері жөніндегі министр-делегаты, Қазақстан-Франция үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Оливье Бешттің қатысуымен өткізілгенін айта кету керек.

Астанада Қазақстан-Франция экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының XV отырысы өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осы орайда Франция Қазақстанның Еуропадағы негізгі сауда-экономикалық әрі стратегиялық серіктестерінің бірі саналатынын, сондай-ақ елімізге инвестиция салған 5 ірі инвестордың қатарына кіретінін атап өткен орынды.

«Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Франция Республикасына жасаған іссапары екі мемлекеттің арасындағы қарым-қатынасқа тың серпін бергенін айта кеткен жөн. Мәселен, осы уақытқа дейін Франция Қазақстанға 18 млрд доллардан аса қаражатқа инвестиция салған. 2022 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 30%-ға өсіп, 4 млрд долларға жетті. Тұтастай алғанда, республика аумағында франциялық бизнестің қатысуымен 180-нен астам кәсіпорын жұмыс істеп келеді», деді Марат Кәрімжанұлы.

15-ші мәрте ұйымдастырылған үкіметаралық отырыста тараптар қазіргі экономикалық ахуалды, оның ішінде ауыл шаруашылығы, цифрландыру, денсаулық сақтау, энергетика, өнеркәсіп және көлік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Аталған отырыстың қорытындысы бойынша 6 құжатқа қол қойылды. Соған сәйкес бірлескен коммюникеге, BRGM компаниясы мен ҚР ИИДМ Геология комитеті арасында геологиялық зерттеулер саласындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен C3Médical компаниясы арасында телемедицина мәселелеріне байланысты уағдаластыққа, Назарбаев Университеті мен Alstom, AirLiquide компаниялары арасында әріптестік бойынша өзара түсіністік жөніндегі келісім шартқа, сондай-ақ жаңғырмалы энергия көздерін дамыту бойынша AirLiquide Munay Tech Games мен KunTech арасында ұзақ мерзімді келісімге қол жеткізілді.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай