USD
USD
USD

Астанада кассадан ақша ұрлаған даяшы ұсталды

Астанада кассадан ақша ұрлаған даяшы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада кассадан ақша ұрлаған даяшы ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Есіл ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық жасады деген күдікпен 20 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында анықталғандай, жас жігіт қаланың сол жақ жағалауында орналасқан кафелердің бірінде даяшы болып жұмыс істеген. Әріптестерінің байқамай тұрғанын пайдаланған күдікті кассадан 70 мың теңге көлемінде ақшаны жасырын алып кеткен. Содан ұрланған ақшаны өз керегіне жаратқан. Кассада ақша жетіспейтінін білген кафенің иесі полицияға жүгінген.

Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді. Оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала

Қайрат Сатыбалдының мемлекетке сыйға тартқан қонақүйі үш есе арзанға сатылды

DoubleTree by Hilton

Ресейлік сарапшылар мен дипломаттар Тоқаевтың Жолдауын талқылады

.

Ақтөбе облысында тоғыз күн ішінде «Қазхромның» екінші жұмысшысы қаза тапты

ТЖ