USD
USD
USD

Астанада қайырымдылық марафоны өтті

Елордадағы Триатлон паркінде тұңғыш рет «Run for autism» қайырымдылық жүгіру жарысы өткенін хабарлады BAQ.KZ.

Астанада қайырымдылық марафоны өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қатысу құны жүгіру қашықтығына байланысты 4 990 теңгеден 7 990 теңгеге дейінгі аралықты құраған жарысқа 1100 адам тіркелді. Жиналған 6 млн теңгеден астам қаражат «Болашақ» қорының «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасы шегінде аутизм бар және басқа да менталдық бұзылушылықтары бар балаларға арналған инклюзивті білім беруді дамытуға бағытталады.

– Бұл жүгіріс арқылы біз аутизмі бар ересектер мен балалардың мәселелеріне барынша көп халықтың назарын аударғымыз келеді. Қайырымдылық жүгіруге көп адам тіркелгеніне қуаныштымыз, бірінші жүгіріс үшін бұл өте жақсы көрсеткіш, - деді «Болашақ» қорының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе