USD
USD
USD

Астанада Халықаралық Түркі академиясының жаңа ғимараты ашылды

Бүгін елордада Халықаралық Түркі академиясының жаңа ғимаратының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды академияның ресми сайты.

Астанада Халықаралық Түркі академиясының жаңа ғимараты ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Салтанатты жиынға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Түркия елдерінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшілері, ҚР ҰҒА академигі Оразақ Смағұлов, мемлекет және қоғам қайраткерлері Мырзатай Жолдасбеков, Әділ Ахметов, Қуаныш Сұлтанов, белгілі ғалым Айнагүл Смағұлова, халықаралық ұйым басшылары, сонымен қатар депутаттар, дипломаттар, жоғары оқу орындары мен зерттеу орталықтарының басшылары, танымал түркологтар қатысты.

Айта кету керек, Түркі академиясы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бой көтерді. Құрылтайшы құжаттары мақұлданып, толық халықаралық ұйым мәртебесіне ие болған Түркі академиясы – түбі бір түркі елдерінің ғылыми интеграциясын нығайту, руханият кеңістігін үйлестіру, ортақ мұраларды кешенді дәріптеу мақсатында құрылған.

«Құрылтайшы мемлекеттердің тулары желбіреген еңселі ғимарат екі корпустан тұрады. Бірінші корпуста академия ұжымы орналасса, екінші корпус Түрк музейі мен Түркология кітапханасына арналған», - деп жазды Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Facebook-те.

Қазір оқып жатыр

Әпкесін отшашумен құттықтамақ болған Астана тұрғыны 5 тәулікке қамалды

отшашу

Непалдағы жойқын су тасқыны: қазақстандық турист іздестіріліп жатыр

су тасқыны

Құрылтай депутаттарына алтыннан емес, жезден әзірленген төсбелгі табысталды

Құрылтай төсбелгісі

АҚШ-та ұлттық қауіпсіздікке төнген ықтимал қатерге байланысты төтенше жағдай жарияланды

төтенше жағдай