USD
USD
USD

Астанада гараждан ұрлық жасаған күдікті қолға түсті

Астанада гараждан ұрлық жасаған күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада гараждан ұрлық жасаған күдікті қолға түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сарыарқа ауданының полиция бөліміне қала тұрғынынан арыз түсті. Анықталғандай, белгісіз азамат жәбірленушінің үйінің жанындағы гараждан жеке мүліктерін қолды қылған. Жәбірленуші таңертеңгілік уақытта үйде ұйықтап жатқан, гараж есігі ашық болған. Осы сәтті пайдаланып, көтере алғанынша электрожабдықтарды, дәнекерлеу аппаратымен қоса ұрлап кеткен.

Келтірілген шығын көлемі 300 мың теңгені құраған. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері аталған іске қатысы бар 38 жастағы азаматты анықтады. Оның өз танысымен бірге қолды қылған затын көтеріп бара жатқан сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Айғақты заттарды металл қабылдау орнына өткізілгені анықталды. Оның бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы белгілі болды. 

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар