USD
USD
USD

Астанада гала-концертке жеті мыңнан астам көрермен жиналды

Астанада өткен концертке 7 мыңнан астам көрермен жиналды.

Астанада гала-концертке жеті мыңнан астам көрермен жиналды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Барыс Арена» мұз сарайында өткен «Астана – мәдениет керуені» I халықаралық әскери-музыкалық фестивалінің қорытынды гала-концертіне жеті мыңнан астам көрермен жиналды. Мерекелік іс-шараға Премьер-министр Әлихан Смайылов қатысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Концертте ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық әскери оркестрі, Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі, Қазақстан Ұлттық ұланының үлгілі-көрсетілімді оркестрі, сондай-ақ Әзербайжан, Үндістан, Қытай, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Жапония әскерлерінің әскери оркестрлері өнер көрсетті.

Атап айтқанда, гала-концертте қазақ халық өнерінің інжу-маржаны атанған «Япырай» лирикалық әуені, Астанаға арналған «Мерейтойлық марш», сондай-ақ Майкл Джексон мен Лайонел Ричидің әлемге әйгілі We are the world синглы орындалды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон