USD
USD
USD

Астаналық ер адам мешіттен телефон ұрлап кеткен

Елордалық азамат жергілікті мешіттің бірінен телефон ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астаналық ер адам мешіттен телефон ұрлап кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полицияға қала тұрғыны мешітте ұялы телефонын ұрлап кеткенін айтып арызданған. Тергеу барысында ер адамның мешітке таңғы сағат 05:00-де намазға келгені, одан кейін демалуды ұйғарып, ұйықтап кеткені анықталды.

Зардап шегуші TecnoCamon 19 Pro телефонын қуаттағышқа қойып, оянғанда оны таппаған. Есіл аудандық полиция басқармасының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысының 27 жастағы тумасын анықтады.

Құны 100 мың теңге тұратын телефонды күдікті қызмет көрсету орталығына парольді ашу үшін беріп жібергені белглі болған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ер адам кінәсін мойындады, оның бұған дейін де осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс