USD
USD
USD

Астанада ер адам көршісінің алтын бұйымдарын ұрлаған

Астанада шымкенттік азамат жалдамалы пәтерде бірге тұратын көршісінің алтын бұйымдарын қолды қылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада ер адам көршісінің алтын бұйымдарын ұрлаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Есіл ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде пәтер ұрлығына қатысы бар Шымкент қаласының 33 жастағы тұрғынын анықтады. Елордада ер адам 3 бөлмелі пәтердің бір бөлмесін жалға алғаны белгілі болды. Ал пәтердің екінші бөлмесінде әйел адам тұрған.

Көршісінің кетіп бара жатқанын көрген күдікті оның бөлмесін тінтіп, шкафынан алтын бұйымдарды алып шыққан. Ұрланған сақинаны, алқаны және сырғаларды ломбардқа тапсырып, сол алтындар үшін 400 мың теңге алған. Қазіргі уақытта бұрын сотты болған ер адам кінәсін мойындады.

Оған қатысты ҚР ҚК-нің188-бабымен тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті