USD
USD
USD

Астанада ер адам бірге тұратын әйелдің көлігін өртеп жіберді

Полицияға қала тұрғыны оның "Honda Logo" автокөлігін бірге тұратын жігітінің өртеп жібергені туралы арызданған.

Астанада ер адам бірге тұратын әйелдің көлігін өртеп жіберді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тергеу барысында оның 31 жастағы ер адамы қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды. Жәбірленушінің жақында бірге тұратын ерімен қатты ұрысып қалғаны анықталды. Жанжал кезінде ер адам пәтердегі жиһаздар мен техниканы бүлдірген. Орын алған жанжалдан кейін ол тынышталмай, Әл-Фараби көшесінде әйелдің көлігін өртеп жіберген.

Бұл әрекеттен кейін ол бірге тұратын әйелге оған тиесілі көлікті қасақана өртеп жібергенін жазып хабарлама жіберген. Әйел бірден полицияға жүгінді. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат мойындау көрсетпелерін берді.

Астана қаласының Полиция департаменті құқыққа қайшы әрекеттер болған жағдайда дереу полицияға, "102" мобильді қосымшасына хабарлау қажет екенін ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері