USD
USD
USD

Астанада ер адам бірге ішімдік ішкен танысының телефонын ұрлап кеткен

Елордалық азамат бірге ішімдік ішкен тұрғынның телефонын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада ер адам бірге ішімдік ішкен танысының телефонын ұрлап кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сарыарқа ауданының ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында телефонды ұрлауға қатысы бар 43 жастағы астаналықты анықтады. Тергеу нәтижесінде полицейлер, жәбірленуші танысын қонаққа шақырғанын анықтады.

Бірге алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін, күдікті үй иесінің ұйықтап қалғанын пайдаланып, кетіп бара жатқанда Samsung телефонын ұрлап кеткен.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, ер адам мойындау көрсетпелерін берді. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар