16 Мамыр 14:16
...

Астанада «Еңбек жолы» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Фото:

Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламалық мақаласының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету, «Еңбек - елдің мұраты» арнайы жобасын іске асыру және ұрпақтар сабақтастығын сақтау мақсатында ұсынымдар жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту мақсатында Қазақстан Респуликасында «Еңбек жолы» республикалық конкурсы басталды. 

Астана, NEGE. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады. 

Конкурс «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» ұранымен Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді.

Кәсіпорынның (саласына қарамастан) барлық жұмыскерлері Конкурсқа қатыса алады. Конкурс 3 номинациядан тұрады:

‒ «Үздік еңбек әулеті»: еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары ең көп, ең көп санды әулет таңдалады. 

Еңбек әулеті – бір ұймның бір отбасының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және аталған ұйымдағы жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған әулет өкілі әулеттің басшысы болып танылады.  Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс.

‒ «Өндірістің үздік жас маманы»: жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады.

‒ «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»: жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады. Оған жеке кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі - үміткерлер) қатыса алады.

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 1 мамырдан бастап 15 шілде айына дейін жүргізіледі.

«Еңбек жолы» конкурсы жыл сайын өңірлік және республикалық деңгейлерде екі кезеңде өткізіледі.  Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүргізіледі және Кәсіпорынның (саласына қарамастан) барлық жұмыскерлері Конкурсқа қатыса алады.

Конкурс жөнінде толық ақпаратты 55-68-90, 8-700-399-66-53 («Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ) телефоны арқылы алуға болады. Мекен-жайымыз: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 9 үй, 3-қабат, 326 кеңсе, еңбек қатынастарын бақылау бөлімі, эл.пошта: d.nasyrova@astana.kz.

Тегтер: