USD
USD
USD

Астанада екі ер адам тұрғын үй кешенінің кіреберісіндегі есікті сындырды

Елордада қоғамдық тәртіпті бұзу мен бұзақылық әрекеттердің алдын алу бойынша белсенді жұмыс жалғасып жатыр. Сонымен қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінде белгісіз біреулер кіреберіс есікті бүлдіріп кеткен. Ер адамдар жазаланды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астанада екі ер адам тұрғын үй кешенінің кіреберісіндегі есікті сындырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елордалық тәртіп сақшылары әлеуметтік желідегі мониторинг барысында екі ер адам тұрғын үй кешендерінің бірінде есік жақтауын қасақана бүлдіргенін видео арқылы анықтады.

Сарыарқа аудандық полиция бөлімінің полицейлері ер адамның кім екенін тапты. Олар бір үйдің тұрғыны болып шықты. 

Айтуларынша мұндай әрекетті ішке кіре алмағаны үшін жасапты.

Аталған факті бойынша құқық бұзушыға қатысты қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ҚР ҚК 434-бабының 1-бөлігі «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал шара қолдану үшін әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Тәртіп бұзушыларға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе бес тәуліктен он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алынады.

Айта кету керек, осы жылдың 8 айында елордада 10 мыңнан астам қоғамдық тәртіпті бұзу дерегі тіркелген.

Еске салайық, тамыз айының басынан бері елордада қоғамдық тәртіпті сақтауға және қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған «Тоқта, вандал» акциясы өтіп жатыр. Оған белгілі қоғам қайраткерлері, еріктілер мен спортшылар қолдау көрсетті.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс