USD
USD
USD

Астанада Дзюдодан ел чемпионаты өтіп жатыр

Бұл күндері елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.

Астанада Дзюдодан ел чемпионаты өтіп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жарыстың екінші күнінде ерлер – 73, 81, әйелдер – 57, 63 және 70 кг салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады.

Біріншіліктің екінші күніндегі ерлер бәсекесінде Маңғыстау облысының қос спортшысы – Асқар Нарқұлов (73 кг) пен Мейірлан Максим (81 кг) жеңіс тұғырына көтерілсе, әйелдер арасында Ақтөбе облысының өкілі Бақыт Құсақбаева (57 кг), Атырау облысының спортшысы Эсмигул Куюлова (63 кг) және Алматы облысының балуаны Екатерина Токарева (70 кг) өз салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанды.

Жарыстың марапаттау рәсіміне Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

«Дзюдодан Қазақстан чемпионатына еліміздің барлық өңірінен келген 463 спортшы қатысып жатыр. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының «Отандық спортта әділ бәсекелестік қағидатын орнату керек» деген тапсырмасына сәйкес, биылғы чемпионатқа шетелден арнайы 3 тәуелсіз төреші шақыртылды. Чемпионат қорытындысы бойынша дзюдодан 2024 жылғы ұлттық құрама жасақталады. Барлық спортшыға сайыста сәтті өнер көрсетуіне шын жүректен тілектеспін! Байрақты бәсекеде ең мықтылар жеңіске жетеді деп сенемін», - деді Ермек Маржықпаев.

Жарыс 15 қарашаға дейін жалғасады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар