USD
USD
USD

Астанада дүңгіршекті бұзып кіріп, велосипед ұрлаған тұрғын қамауға алынды

Астанада дүңгіршекті бұзып кіріп, велосипед ұрлаған тұрғын қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада дүңгіршекті бұзып кіріп, велосипед ұрлаған тұрғын қамауға алынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бейтаныс ер адам түнгі уақытта Абай даңғылы бойындағы дүңгіршектен бөтеннің велосипедін алып шыққаны бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер велосипедті алған адамның жүру бағытын қадағалап, оны тұрғылықты жерінде ұстады. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін істі болған 32 жастағы астаналық тұрғын болып шықты.

Ер адам дүңгіршекке кіріп, сөредегі сусындармен қоса велосипедті ұрлап, шамамен 200 мың теңге көлемінде шығын келтіргені анықталды. Қазіргі уақытта күдікті ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы анықталып жатыр.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Қазір оқып жатыр

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті

Актер Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға сотталды

Нұрсұлтан Жақсыген

ДСҰ-ға мүше болған 11 жыл ішінде Қазақстанның тауар айналымы екі есе өсті

ДСҰ және Қазақстан туы