USD
USD
USD

Астанада дүкеннен ойыншықтарды жалған түбіртек жасап сатып алған адам ұсталды

Астанада ер адам дүкеннен ойыншықтарды жалған түбіртек жасап сатып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанада дүкеннен ойыншықтарды жалған түбіртек жасап сатып алған адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Елордада сатушы "Алматы" аудандық полиция бөліміне арызданған. Оның айтуынша, белгісіз бір азамат кешкі 20.00-де ойыншық сататын дүкенге келіп, екі машина мен бір қуыршақ таңдаған. Кассаға келген кезде сатушы алған ойыншықтардың құны 40 мың теңге тұратындығын айтады. Ол қосымша арқылы ақшаны төлегендігі туралы чек көрсетеді. Кейін клиенттің ақшаны төлемегендігіне көз жеткізеді. Осылайша полицияға хабарласқан.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында "Алматы" ауданы криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері 30-жастағы қала тұрғынын анықтады.

Ұсталған ер адамға қатысты қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол мойындау көрсетпелерін берді. Ол осы жылы қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта оның елорда аумағында осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Полицейлер жеке кәсіпкерлерді түбіртекті қолдан жасау туралы алаяқтыққа абай болуын сұрайды. Олар жалған төлем түбіртектерін көрсетіп, сатушыларды жиі алдайтынын ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар