USD
USD
USD

Астанада даяшы дәмхана қонағын тонап кетті

Астананың 60 жастағы тұрғыны әлдекім өзіне шабуыл жасалып, 690 мың теңгесін ұрлап кеткенін айтып, полиция көмегіне жүгінді.

Астанада даяшы дәмхана қонағын тонап кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кешке қарай ер адам Құдайбердіұлы көшесіндегі шағын дәмханаға кіріп, тамақтанған. Қызмет көрсетуші даяшы ер адамның қол сөмкесінде көп ақша барын байқап қалған.

Ер адам дәмханадан шыққанда даяшы оның артынан ілесе шыққан. Сөйтіп құрбанының артынан келіп, білегін мойнына орап, тұншықтыра бастайды. Содан кейін ер адамның қолындағы барсеткасын жұлып алып, қаша жөнеледі. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қарақшы Қарағандыда ұсталды. Ол Өзбекстан Республикасының 28 жастағы азаматы болып шықты, ол өз кінәсін мойындады.

- Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Ұсталған адамның Астана аумағында жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексеріледі. Күдікті ұстау изольяторына қамалды, - деді ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Қазір оқып жатыр

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев