USD
USD
USD

Астанада дәмхана есігін бүлдірген курьер ұсталды

Бұзақы жеткізілген тапсырысты қабылдамағаны үшін дәмхананың әйнек есігін бірнеше рет тепкілеп, айтарлықтай зақым келтіріп кеткен.

Астанада дәмхана есігін бүлдірген курьер ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осы дерек бойынша учаскелік полиция инспекторлары масаң күйде болған 23 жастағы елорда тұрғынын анықтаған. 

Бұзақының өрескел әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалды.

Оған қатысты ӘҚБтК-нің 147-1 бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілік қарастырылып, жиналған материал шешім қабылдау үшін әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

Алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе мас күйінде қоғамдық орындарға шыққаны үшін құқық бұзушыға ӘҚБтК-нің 440-бабымен хаттама толтырылды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар