Астанада блокбекеттер алынбайды
11 мамырдан кейін Нұр-Сұлтан қаласы карантин режимінде өмір сүре береді, деп хабарлады

Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева.
Алматы, NEGE. «11 мамыр күні астана бұрынғыдай карантин режимінде өмір сүре береді. Себебі карантин әлі алынған жоқ. Бұл дегеніміз - рұқсат берілген кәсіпорындар ғана жұмысын бастайды. Блокпосттар алынбайды және 11 мамырда қоғамдық көлік іске қосылмайды», - деп мәлім етті А.Олжабаева. Еске салайық, бұған дейін Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз хатшысы 11 мамырдан бастап карантин режимі жұмсартылатыны туралы ақпаратты теріске шығарды. «11 мамыр мен 15 маусым аралығында жұмысы қайта басталатын мекемелер туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді сұраймыз. Барлық жаңалықтар жергілікті атқарушы органдардың ресми сайттарында, ал мемлекеттік комиссияның шешімі премьер-министрдің сайтында жарияланады», - деді ол.
Қазір оқып жатыр
Каспийдегі оқу-жаттығудан кейін аман қалып, ауруханаға түскен сарбаздың жағдайы белгілі болды

Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көмек жинайтын бірыңғай қор белгіленді

Каспий теңізінде суға кеткен екі сарбаздың денесі табылды: қаза болғандар саны 14-ке жетті

Алматыда бұрын сотталғандар өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, 3 млн теңге бопсалаған

