USD
USD
USD

Астанада бірқатар тұрғын үй орталық газ құбырына қосылды

Тұрғындар мұндай қуанышты жаңалықты 8 жыл күткен, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Астанада бірқатар тұрғын үй орталық газ құбырына қосылды
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Астанада қаланы газдандыру аясында құрылысы аяқталып, қаланың "газ шеңберін" кезең-кезеңімен іске қосу басталды

Бұл жоба қала тұтынушыларын сенімді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жоба "Тұран", "Оңтүстік-Шығыс" газ жылу станцияларына, Үркер (Ильинка), Пригородный, Өндіріс, Кирпичный елді мекендеріне жоғары қысымды желілерді қосуды қамтамасыз етті.

Жобаны іске асырудың арқасында автономды қазандықтардан орталық газбен жабдықтауға "Будапешт", "Cosmic City", "Family Town" көппәтерлі тұрғын үй кешендері қосылды. Сол сияқты жақын арада "Куршевель" тұрғын үй кешені қосылады. Бұл үйлердің тұрғындары тұрғын үй кешенін орталық газбен жабдықтауға көшіру туралы қала әкімдігіне бірнеше рет өтініш білдірген. Табиғи газды пайдалану тұрғындардың жылу ақысын айтарлықтай азайтады, сондай-ақ сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз етуде туындаған проблемаларды шешеді.

Биылғы күзде "Оңтүстік-Шығыс" газ жылу станциясының құрылысы, "Тұран" станциясының бірінші кезегі, құрылысы ұзаққа созылған ЖЭО-3-тің бірінші кезегі аяқталды. Жылумен қамтитын үш нысанның қуаты – 1140 Гкал/сағ. Осылайша, биылғы жылыту маусымында қалада жылу профициті байқалады.

Келесі жылы бірінші кезекте "Телман" газ жылу станциясын және екінші кезекте "Тұран" газ жылу станциясын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл қаланы тағы 850 Гкал/сағ жылу қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар