USD
USD
USD

Астанада бір күн ғана жұмыс істеген үй қызметшісі үй иесін тонап кеткен

Полиция қызметкерлері алтын бұйымдарын ұрлады деген күдікпен 39 жастағы әйел адамды анықтады.

Астанада бір күн ғана жұмыс істеген үй қызметшісі  үй иесін тонап кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Белгілі болғандай, қаскүнем «үй көмекшісі» болып жұмысқа орналасқан.  Ол киім ауыстыратын бөлмені жинап жүрген уақытта алтын бұйымдарды жымқырған. Ол ұрлық жасау сәтінде үй иелері пәтерде болған. Жұмыс беруші полицияға хабарласқан. Келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгеге бағаланып отыр.

«Полицейлер ұрланған заттардың барлығын тапты. Анықталғандай, ұры оларды ломбардқа тапсырған, алтын бұйымдар сол жерден тәркіленген. Қылмыстық жолмен саналы түрде алынған мүлікті иемдену немесе сату қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын естеріңізге саламыз», - деді Есіл аудандық ПБ бөлім бастығы Сәкен Алауханов.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Әйел адам кінәсін мойындап, оның елордада жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы бойынша тергеу жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті