USD
USD
USD

Астанада бір дүкенге үш рет ұрлыққа түскен тұрғын ұсталды (видео)

Астана қаласы ПД Есіл ауданының ПБ криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 24 жастағы қала тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада бір дүкенге үш рет ұрлыққа түскен тұрғын ұсталды (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тергеу барысында бойжеткеннің күндізгі уақытта Қабанбай батыр даңғылында орналасқан дүкенге клиент кейпінде келгені белгілі болды. Сатушылардың сауда залында жоқтығын пайдаланған бикеш, дүкен сөресінен балаларға арналған жөргектер мен кір жуатын ұнтақты алып, шығып кеткен. Аталған дүкеннен олжамен шыққан ол, араға бірнеше күн салып қайтадан ұқсас жолмен ұрлық жасаған. Бұл іс-әрекеті жазасыз қалады деген оймен, күдікті үшінші рет те аталған дүкенге келіп, үйреншікті тәсілімен тауарларды жасырын иемденіп кеткен. Бейнекамералар қыздың жасаған ұрлықтарын түсіріп алған.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бикеш Астана қаласы ПД УҰИ-ға қамалды. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Астана қаласының полиция департаменті сауда нүктелерінің иелеріне қырағы болуға және дүкендерде ұрлықтан қорғаудың қосымша шараларын енгізуге кеңес береді. Электрондық қорғау жүйелерінен басқа, тауардың сақталуын қамтамасыз ету үшін бейнебақылау жүйелерін орнату міндетті екендігін ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс