USD
USD
USD

Астанада биыл құрылыс салушылар 100 мыңнан аса жасыл желек отырғызады

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында құрылыс салушыларға жасыл желек отырғызу, абаттандыру жұмысы жүктелетінін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астанада биыл құрылыс салушылар 100 мыңнан аса жасыл желек отырғызады
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. «Биыл жоспар бойынша қолданысқа берілетін тұрғын үй кешендерінің аумағын көгалдандыру жоспары қайта қаралды. Жеке құрылыс салушылардың мойнына жасыл желектер санын көбейту міндеті жүктелді.

Бірінші кезең бойынша 100-ден астам тұрғын үй кешенін қамтимыз. Бұл жасыл желектер санын 2,5 есеге арттыруға мүмкіндік береді. 
Осылайша, құрылыс салушылар ТК аумағында 100 мыңнан астам жасыл желек отырғызатын болады. Құрылыс салушылардың алдында үйлерді сапалы күйде салып қана қоймай, тұрғын үй кешендерінің аумағын абаттандырумен, көгалдандырумен де айналысу міндеті тұр.

Жалпы, биыл қалада бір миллион жасыл желек (ағаштар, бұталар, көшеттер және т.б.) отырғызуды жоспарлап отырмыз. Оның 500 мыңы – қаланың жасыл белдеуі аумағында.

Біз бұл деңгейді алдағы жылдары да сақтаймыз. Бұл Астананы бақша қаласына айналдыруға мүмкіндік береді. Ал басымдық жапырақты ағаштарға беріледі», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Айта кетейік, Президент қала жұртшылығының пікірін ескере отырып, елорданы жоспарлы түрде одан әрі дамыту және абаттандыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырған болатын. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қаланы көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр. Биыл 150-ден астам аула мен қоғамдық орындарды абаттандыру жоспарланған.

Сонымен қатар тұрғын үй алаптарын дамыту, апатты жағдайдағы ескі тұрғын үйлерді бұзу, әлеуметтік нысандар салу, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау, шағын және орта бизнесті қолдау, жұмыс орындарын ашу және қаланы абаттандыру мәселелерін шешу жүйелі түрде жоспарланып жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті