USD
USD
USD

Астанада белбеу күресінен әлем чемпионаты өтеді

15-16 шілде күндері Астана қаласындағы «Beeline Arena» спорт кешенінде белбеу күресінен ерлер мен әйелдер арасында әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлады Vesti.kz.

Астанада белбеу күресінен әлем чемпионаты өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлемдік додаға 30 мемлекеттен 250-ге жуық спортшы қатысады. Ерлер 16, ал әйелдер 5 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Ерлер арасындағы медаль жиынтығы еркін және классикалық стильде сарапқа салынса, әйелдер тек еркін тәсіл бойынша күреседі.

Жарыс қорытындысы бойынша қараша айында Ресейдің Екатеринбург қаласында өтетін әлем кубогында ел намысын қорғайтын ұлттық құрама жасақталады.

Әлем чемпионатының бас төрешісі – Еркін Жетімеков (Қазақстан). Бас хатшы – Александр Шараев (Беларусь).

Естеріңізге сала кетейік, бұл жарыс елімізде төртінші рет өткізіліп отыр. Осыған дейін Астана 2007, 2012, 2017 жылы белбеу күресінен ересектер арасында әлем чемпионатын қабылдаған болатын.

Қазір оқып жатыр

«Бағаны түсіруге мәжбүр болады»: қазір пәтер алған тиімді ме?

.

БҚО-да оқушы баланы 10 мың вольттық ток соғып, қаза болды

Ток соқты

Қазақстан Қырғызстанға мұнай транзитін бастады

мұнай

Qarmet-тің жаңа нысандары нақты келбетке ие бола бастады

Qarmet