USD
USD
USD

Астанада балалар арасында жүгіруден жарыс өтеді

Спорт күніне арналған Astana RUN Challenge екінші кезеңі аясында қалалық триатлон федерациясы және «Mega Kids» балалар орталықтары мен балабақшалар желісі бірлесіп түрлі-түске боялған балалар жарысын өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 Астанада балалар арасында жүгіруден жарыс өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 500 м қашықтыққа 14 жасқа дейінгі 300-ге жуық бала қатысады деп жоспарланып отыр. Мәре сызығын кесіп өткен қатысушыларға арнайы медаль, ал жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табысталады. Балалар жарысына қатысу ақылы.

«Егер біздің іс-шарамыз балалардың есінде қалатындай ұйымдастырылса әрі өскелең ұрпақтың жүгіру спортына деген қызығушылық тудырса қуанар едік.

Іс-шараға бес жас санаты бойынша балалар қатыса алады. Бұл 3 жасқа дейін; 4-5 жас; 6-7 жас; 8-10 жас; 11-14 жас», - деп атап өтті Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мәдина Айтқалиева.

Мерекелік іс-шара 20 тамызда сағат 08.00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында (шаңғы трассасы) өтеді.

Қатысу үшін баланы елордалық триатлон федерациясының triathlonnursultan.kz сайтына тіркеу қажет.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс