USD
USD
USD

Астанада БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан ашық турнир өтті

Игі шараның мақсаты – қазақ журналистикасының майталмандарын еске алу, деп жазды 24.kz.

Астанада БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан ашық турнир өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Екі жыл қатарынан ұйымдастырылған бастама, енді дәстүрге айналмақ. Нұртілеу Иманғалиұлы, Бейсен Құранбек, Амангелді Сейітхан. Бүгінде бұл есімдерді білмейтін қазақ жоқ шығар.  Бірі "Бай, қуатты болайық!" деп елінің қамын ойласа, енді бірі «жеңісті күндерде жолыққанша» деп көк тудың көкте желбіреуіне тілектес болды. Әрқайсысының қазақ журналистикасында алатын орны бір төбе. Хабар агенттігінде талай жыл қызмет атқарып, көптеген шәкірт тәрбиелеген Амангелді Сейітханның ұлы да болашақта әке жолын жалғастырамын дейді.

Бегасыл Сейітханов, Амангелді Сейітханның ұлы:

– Менің әкем өзі футболды жақсы көрді. Осы футбол саласында өзінің мықты екенін көрсетті. Шүкір, қазір сол еңбектері бағаланып жатыр. Осындай турнирлер болашақта болса дейміз. Аталмыш шара отандық БАҚ өкілдері арасында осымен екінші рет ұйымдастырылды. Жарысқа қатысушылар жүлдеден құр алақан қалған жоқ. Шараның мақсаты қазақ журналистикасының тарланына айналған ардагер ағаларымызды еске алу. Игі бастама енді дәстүрге айналмақ.

Сайыс қорытындысы бойынша Қазмедиа командасы жүлделі бірінші орынды қанжығалады.

Қазір оқып жатыр

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID