USD
USD
USD

Астанада Азия чемпионатының ашылу салтанаты Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Қазақстан күрес федерациясының бас хатшысы Димаш Сұлтанов мәлімдеді. Оның айтуынша, жарыстың ашылу салтанаты 9 сәуірде сағат 17.00-де өтеді.

Астанада Азия чемпионатының ашылу салтанаты Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.«Қазақстандық командалар барлық үш стильде толық құрамда өнер көрсетеді. Біздің еліміздің атынан 30 спортшы қатысады, олардың арасында халықаралық аренада бірнеше рет өнер көрсеткен атақты спортшылар бар», - деді Димаш Сұлтанов.

Грек-рим күресінен олар Нұрсұлтан Тұрсынов, Демеу Жадыраев, Алматы Кебіспаев, еркін күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков. Әйелдер күресінде Жәмила Бақбергеновадан, Эльмира Сыздықовадан үміт күтіліп отыр. Сондай-ақ, грек-рим күресінен Моңғолиядағы Азия чемпионатында жеңіске жеткен Әлімхан Сыздықов қазіргі Азия чемпионы атағын қорғайтын болады.

«Бүгінгі таңда спортшылар, командалар өкілдері, халықаралық күрес федерациясы өкілдері келе басталды», - деп түйіндеді спикер қазақстандықтарды спортшыларды қолдауға шақыра отырып.

Қазір оқып жатыр

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов