USD
USD
USD

Астанада аяқ киім дүкеніндегі сатушы әйелді пышақтап кетті

Астанада 32 жастағы әйелді пышақтап өлтірген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Рolisia.kz.

Астанада аяқ киім дүкеніндегі сатушы әйелді пышақтап кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 20 қазанда сағат 18.39-да 102 арнасына ер адам әйелді пышақпен өлтіргені туралы қоңырау түскен.

"Оқиға орнына дереу полиция жасағы шықты. Факт расталды. Дүкен ішіндегі касса маңынан пышақ жарақатын алған әйел өлі табылды. Алған жарақаттарынан 32 жастағы әйел жедел жәрдем келгенге дейін қаза болған", - делінген хабарламада.

Полиция мәліметінше, ер адам аяқ киім дүкеніне кіріп, кассаға жақындап, әйелдің әріптесін итеріп жіберіп, ал өзіне пышақпен шабуыл жасағаны анықталды.

"Елордалық полиция қызметкерлері 32 жастағы ер адамды ұстады. Заттай дәлел тәркіленді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша ("Адам өлтіру") қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов