USD
USD
USD

Астанада Арыстанбек Мұхамедиұлының соты басталды

Астанада Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қозғалған іс бойынша сот отырысы басталды.

Астанада Арыстанбек Мұхамедиұлының соты басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Байқоңыр аудандық №2 сотында Арыстанбек Мұхамедиұлы отырысқа онлайн түрде қатысып отыр. Оған елордада қардың қалың түсуіне байланысты күдікті сот ғимаратына жеткізілмеген. 

Сәуір айының басында бюджет қаражатын талан-таражға салу бойынша айыпталған тағылған А. Мұхамедиұлына қатысты іс сотқа жолданған еді. 

Бұған дейін Мәдениет және спорт министрі лауазымын атқарған Арыстанбек Мұхамедиұлы 2019 жылы ұлттық музей директоры болып тағайындалған. Былтыр мамыр айының соңында сот шешімімен ол қамауға алынған болатын. 

Оған «Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ «Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру» жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау деректері бойынша айып тағылды. 

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе