USD
USD
USD

Астанада АӨСШК саммитіне 11 мемлекеттің басшылары қатысады

12-13 қазан күндері өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің алтыншы саммитіне 50-ге жуық делегация келеді.

Астанада АӨСШК саммитіне 11 мемлекеттің басшылары қатысады
Фото: NEGE.kz

 Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Астана, NEGE. "Осы аптада Қазақстан астанасында жоғары және аса жоғары деңгейде бірқатар халықаралық іс-шара өтеді. 12-13 қазан күндері өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің алтыншы саммитіне 11 мемлекет басшысы қатысады. Олар: Әзербайжан, Ирак, Иран, Қатар, Қырғызстан, Ресей, Палестина, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан басшылары. Бір төрағаның орынбасары, бір вице-президент және 5 министр қатысады деп күтілуде", - деді Айбек Смадияров министрлікте өткен брифингте.

Сонымен бірге, АӨСШК бақылаушы мемлекет ретінде Беларусь президенті Александр Лукашенко да саммитке қатысады.

"Жоғары деңгейдегі кездесу АӨСШК шақыру туралы бастаманың 30 жылдығына орайластырылып Қазақстанның төрағалығымен өтеді. Шараға мүше мемлекеттердің, байқаушы елдер мен ұйымдардың, серіктес ұйымдардың бірінші басшылары, сондай-ақ Қазақстан тарапының қонақтары шақырылды. Барлығы 50-ге жуық делегация келеді деп күтіліп отыр. Азия кеңесінің саммиті пандемиядан кейінгі кезеңде Қазақстанда ғана емес, жалпы континентте де аса ауқымды саяси оқиғалардың біріне айналады деп айтуға болады. Алдағы саммит қазақстандық төрағалықтың басты іс-шарасы, оның ішінде біздің төраға ретіндегі екі жылдық жұмысымызды қорытындылаймыз", - деді ресми өкіл.

Саммит барысында бірқатар құжаттар мен шешімдерді қабылдау жоспарланған. Шараны дайындау шеңберінде Астана қаласында биылғы 10-11 қазанда өтетін Азия кеңесі аға лауазымды тұлғалар комитетінің отырысын өткізу көзделіп отыр.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.