USD
USD
USD

Астанада альпинистердің өліміне қатысты күдікті қамалды

Астанада биіктен құлаған альпинистердің өліміне қатысты күдікті қамалды.

Астанада альпинистердің өліміне қатысты күдікті қамалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жөнінде елорда прокуратурасы мәлімдеді. Биыл 12 қазанда Астана қаласында төрт өнеркәсіптік альпинист биіктіктен құлап, оның үшеуі қайтыс болған еді. Полиция департаменті болған оқиғаға қатысты қалмыстық кодекстің «Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізіп жатыр.

Тергеу барысында жұмыс беруші – жеке кәсіпкерлік басшысының қатысы бар екендігі туралы дәлелдер жиналды. Қала прокуратурасының тапсырмасы бойынша тергеу органы күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.

Құқық бұзушылыққа қатысы бар өзге де адамдарды анықтау бойынша жұмыстар әлі жалғасып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар