USD
USD
USD

Астанада алғаш рет халықаралық жыршы-термешілер фестивалі ұйымдастырылды

Астанада алғаш рет халықаралық жыршы-термешілер фестивалі өттіі, деп хабарлады мәдениет және спорт министрлігі.

Астанада алғаш рет халықаралық жыршы-термешілер фестивалі ұйымдастырылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Фестивальге Қазақстан, Өзбекстан және Қырғыз елінен жыршы-жыраулар қатысты.

Атап айтқанда, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Алмас Алматов, Айгүл Қосанова, Елмұра Жаңабергенова, мәдениет қайраткері Ерболат Шалдыбеков, мәдениет саласының үздіктері: Елікбай Иса, Фархат Оразов, Қайрат Кәкімов, халық жыршысы Жәнібек Пиязов, Тоғаев Бахшикул (Өзбекстан Республикасы), Қырғызстан Республикасының еңбек сіңген артисі Сыдыков Дөөлөтбек және тағы да басқа өнер майталмандары танымал жыр, терме, толғау, дастандарды орындады.

"Жыраулық, жыршылық өнер – халқымыздың мыңжылдық мәдени мұрасы. Фестивальді ұйымдастырудағы басты мақсат - атадан балаға мирас болып жеткен ұлттық өнерді дәріптеу, бауырлас түркі халықтарымен мәдени ынтымақтастықты нығайту болып табылады. Мәдениет және спорт министрлігі жастарды жыраулық өнерге баулып, онымен ғылыми тұрғыда айналысуы үшін барлық мүмкіндіктерді жасайтын болады",- деді мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов.

Қазір оқып жатыр

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент