Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Астанада ақылды шлагбаум орнатылып жатыр

Елорданың

Астанада ақылды шлагбаум орнатылып жатыр
Фото: NEGE.kz

тұрғын үй кешендерінде smart-шлагбаумдар орнатылып, автокөліктердің мемлекеттік нөмірін анықтау жүйесі енгізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, бұл «ақылды» технология шұғыл қызмет көліктерінің үйлердің аулаларына кедергісіз кіруіне мүмкіндік береді. «Арнайы мәліметтер базасына енгізілген көліктер smart технологияның көмегімен шлагбаумнан өтіп, аулаға кіре алады. Сонымен қатар тізімді қажет болған жағдайда толықтыруға болады. Одан бөлек, барлық кіріп-шыққан автокөліктер тізімі журналға тіркеледі. Жыл соңына дейін тұрғын үйлердің 30% дейін smart шлагбаумдармен жабдықтауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар «Қауіпсіз аула» бағдарламасы бойынша ауланың аумағында камералар орнату жоспарда бар. Бұл, өз кезегінде қауіпсіздік деңгейін арттыруға септігін тигізеді: ұрлық жасау, бөтеннің мүлкіне зиян келтіру және басқа құқық бұзушылықтар саны азаяды», деп жазды қала басшысы Instagram-да.

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттік шекарадағы автокөлік өткізу пункттеріндегі жағдай қалай шешілмек?

шекарадағы өткізу бекеттері

Қазақстанда Өзбекстанның танымал блогеріне халықаралық іздеу жарияланды

Махмуд Хикматов

Тоқаев қазақстандықтарды 10 тамыз – Абай күнімен құттықтады

Абай Құнанбайұлы

«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге 350 грант бөлді

Білім гранты