USD
USD
USD

Астанада 61 мың адам 42500 теңгеге қол жеткізді

К

Астанада 61 мың адам 42500 теңгеге қол жеткізді
Фото: NEGE.kz

өмек алу үшін 200 мыңнан астам өтінім келіп түсті, деп жазды Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram-дағы парақшасында. Бұл туралы BAQ.KZ хабарлады.

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әлеуметтік төлем алушылардың тізімі кеңейтілді. Өтінімдерді "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ-мен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен (МӘСҚ) бірлесе қарастырып жатырмыз. Қалалық штаб демалыссыз күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді.
Өтінішті "Электрондық үкімет" веб-порталы, telegrambot egov.kz немесе 42500.enbek.kz сайты арқылы электрондық форматта беруге болады. Қосымша ақпарат алу үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына 55-14-87, 55-01-74, 55-69-59, 55-67-12, 109(iKomek) хабарласуға болады», - деп жазды әкім.

Алтай Көлгіновтың айтуынша, халықты қолдаудың басқа да шаралары іске асырылып жатыр. 

«4 АЕК мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмекті 41 мың отбасы алады. Олар – I,II, III топтағы мүгедектігі бар азаматтар, ерекше қажеттілігі бар балалар, ерекше қажеттілігі бар баланың күтімімен айналысатын ата-аналар, АӘК алушылар. Елбасының тапсырмасына сәйкес халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына "Birgemiz" ҚҚ картаға 50 000 теңге аудара бастады. Сонымен қатар, "Nur Otan" партиясымен бірлесе отырып, "Birgemiz" акциясы аясында 6 мың аз қамтылған отбасыға азық-түлік себеті берілді», - деді Көлгінов.

Елода әкімі наурыз айында азық-түлік себеті түріндегі кепілді әлеуметтік пакетті 2700 отбасыдан астам алғанын, 4,5 мың бала қамтылғанын айтты. 

«Мемлекеттік әлеуметтік көмек сәуір айында да беріледі. Жыл басынан бері (АӘК) атаулы әлеуметтік көмек 3 мың 400 отбасыға тағайындалды», - деп түсіндірді елорда әкімі.

 

Қазір оқып жатыр

Алматыда бес адам қаза тапқан өртке қатысты күдікті әйел ұсталды

Полиция

«Сағиды» өлтірді деген күдікке кім ілінген?

Витта Махмаханов

Павел Дуров iPhone иелеріне хакерлік шабуыл қаупі туралы ескертті

Павел Дуров

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиясы Қазақстанның технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтеді – сарапшы

.