USD
USD
USD

Астанада 300-ден астам үлескер-отбасы баспаналы болды

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында «Royal Expo» тұрғын үй кешенінің тұрғындары баспаналы болғанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астанада 300-ден астам үлескер-отбасы баспаналы болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE . «Достар! Өздеріңіз білетіндей, алдымызда қаладағы құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтау міндеті тұр. Осыған дейін әкімдік 150 көпқабатты тұрғын үй кешенінің 120-сының құрылысын аяқтаған болатын. Осылайша мыңдаған отбасы көптен күткен пәтеріне қоныстанды.

Бүгін, яғни 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні 300-ден астам үлескер отбасы пәтерінің кілтін алды. «Royal Expo» тұрғын үй кешенінің тұрғындары бірнеше жыл бұрын қоныстануы керек еді. Тұрғындарды бүгінгі мерекемен және қоныс тойымен құттықтаймын! Әрбір отбасыға амандық, дендеріне саулық тілеймін!

Біз өз тарапымыздан өзге де үлескерлердің тезірек баспаналы болу мәселесін шешуді жалғастырамыз. Ал қалған 15 нысан бойынша (30-дан астам тұрғын үй кешені) сапасына ерекше назар аударуды әрі құрылыс қарқынын жеделдетуді тапсырдым. Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуы Мемлекет басшысының бақылауында», — деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу