USD
USD
USD

Астанада жұмыс уақыты өзгерді

2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап Астанадағы қалалық ұйымдар жаңа кесте бойынша жұмыс істейді.

Уақыт
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл шешім жолдардағы кептелісті азайту мақсатында қабылданды.

Өзгерістер қала орталығындағы мемлекеттік және жартылай мемлекеттік ұйымдарға қатысты болады.

«15 қыркүйектен бастап қалалық коммуналдық қызметтердің жұмыс күні сағат 07:30-да, Астана әкімдігінің жұмыс күні – 7:30-да, кейбір мемлекеттік органдар мен жартылай мемлекеттік компаниялардың жұмыс уақыты 07:30-дан 8:00-ге дейін басталады", – деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Соған сәйкес, осы ұйымдардағы жұмыс күні аяқталу уақыты да өзгертіледі.

Жеке құрылымдар мен бизнес, мектептер, балабақшалар, ауруханалар, емханалар, ХҚКО және басқа да әлеуметтік нысандардың жұмыс кестесі өзгермейді.

Әкімдік сондай-ақ кейбір министрліктер мен мемлекеттік органдардың жұмыс күнін бұрыннан сағат 8:00-де бастайтынын еске салды.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы