USD
USD
USD

Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе таксиі алғаш рет көкке көтерілді

Елордада Қазақстан тарихында алғаш рет EH216-S ұшқышсыз әуе кемесінің бір жолаушымен демонстрациялық ұшуы өтті. 

 ұшқышсыз әуе кемесі
Фото: Азаматтық авиация комитеті

Астана, NEGE. Азаматтық авиация комитеті ақпаратынша, тік ұшып-қонып, электр қуатымен қозғалатын әуе аппараты «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирі аясында елордадағы арнайы рұқсат етілген аймақта сынақ ұшуын орындады.

Әуе кемесі екі жолаушыны тасымалдауға арналған. Оның ең жоғары жылдамдығы сағатына 130 шақырымға, ал ұшу қашықтығы 35 шақырымға дейін жетеді.

«Алғашқы кезеңде Қазақстанның табиғи, мәдени және тарихи көрікті жерлерін тамашалауға арналған, ұзақтығы 5–30 минут болатын демонстрациялық әрі туристік бағыттарды іске қосу жоспарланып отыр. Болашақта мұндай ұшқышсыз жолаушылар әуе жүйелері қолданыстағы көлік түрлерін толықтырып, еліміздің заманауи көлік инфрақұрылымының бір бөлігіне айналады», – делінген ведомство хабарламасында.

Болашақта бұл көлік түрін шұғыл медициналық көмек көрсетуге, дәрі-дәрмек жеткізуге, өрт сөндіру жұмыстарына, логистикаға және жедел әрекет етуді қажет ететін басқа да бағыттарға пайдалану жоспарланған. Сонымен қатар, жоба аясында Қазақстанда жолаушыларға арналған ұшқышсыз әуе жүйелерін кезең-кезеңімен отандық өндірісте шығару жоспарланып отыр. Бұл жоғары технологиялық машина жасау саласын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өнеркәсіптік кооперацияны кеңейтуге мүмкіндік бермек.

Көлік министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қалалық әуе мобильділігін дамыту үшін қажетті құқықтық және инфрақұрылымдық негізді қалыптастыру жұмыстарына кірісіп те кеткен.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу