USD
USD
USD

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Елордада «Hyundai Palisade» автокөлігінің жүргізушісі тек биылғы жылдың өзінде жол қозғалысы ережелерінің талаптарын 306 рет бұзғаны анықталды. Оның ішінде 169 құқықбұзушылық белгіленген қозғалыс жылдамдығын асырумен байланысты болса, 134 жағдайда жүргізуші автобус жолағымен жүрген.

Күдікті
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде қалалық прокуратура хабарлады.

Сондай-ақ мамыр айында елордадағы бейнебақылау камералары оның «Ұлы Дала» даңғылымен сағатына 137 шақырым жылдамдықпен жүргенін тіркеген.

«Құқықбұзушылықтың қоғамдық қауіптілігі мен жүйелі сипатын ескере отырып, сот оның әрекеттерін ұсақ бұзақылық деп бағалап, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады», – делінген қадағалаушы орган хабарламасында.

Астаналық прокурорлар жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, айналасындағыларға құрметпен қарауға шақырады.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, айналасындағыларға қауіп төндірген 32 жастағы Porsche автокөлігінің жүргізушісі 10 тәулікке қамалғанын жазған едік. Жүргізуші түнгі уақытта автокөлікті 197 км/сағ жылдамдықпен басқарған кезінде полиция назарына іліккен.

Қазір оқып жатыр

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры

Қазақстанда жұмыссыз қалғандарға берілетін әлеуметтік төлем мерзімі қысқармақ

Ақша

Алматыда Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй 12,8 млрд теңгеге сатылымға шығарылды

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй