USD
USD
USD

Астанада жоқ пәтерді жалға берумен айналысқан күдікті ұсталды

Астанада жоқ пәтерді жалға берумен айналысқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында астаналықтарды алдады деген күдікпен 41 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Сотқа дейінгі тергеу барысында ер адам Krisha.kz сайтына нарық құнынан төмен бағада пәтерді жалға беру туралы хабарландырулар жариялағаны белгілі болды. Ол шұғыл ақша қажет деп және пәтер жалдауға ниет білдіргендердің көптігін сылтауратып, жәбірленушілерден 90 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейінгі алдын ала төлемді аударуды сұрағаны белгілі болды. Бүгінге дейін алаяқтың қармағына түскен 9 азамат полицияға жүгінген. Олардың бірі, 23 жастағы жәбірленуші, күдікті жіберген пәтердің фото-бейне жазбаларына сеніп, үйді көрместен 120 мың теңге ақшалай қаражатты алаяқтың шотына аударған.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазіргі кезде басқа да зардап шеккендер анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама