USD
USD
USD

Астанада жеңістің 80 жылдығына орай өтетін парадқа 2,5 миллиард теңге жұмсалады

Жеңістің 80 жылдығына орай Астанада өтетін әскери парадқа 2,5 млрд теңге бөлінді.

сарбаз
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады. Министрліктің мәліметінше, қаражат жанар-жағармайға, қосалқы бөлшектерге, іссапарлар мен әскерлердің қозғалысына және киім тігуге жұмсалады екен. Жеңістің 80 жылдығына арналған шеру үш кезеңнен тұрады. Алдымен әскерилердің маршы ұйымдастырылады. Артынша әскери техникалар көрсетіліп, соңында ұшақ ұшып өтеді. 

Шеруге шамамен 4,5 мың адам қатысады.Алаңда соңғы жылдары сатып алынған қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілері ұсынылады. Бұдан басқа, ТЖМ, ІІМ және МКҰ күштерінің жаңа техникасы ұсынылады.Сонымен қатар Қазақстанның әскери қызметшілері Мәскеу мен Беларусьтегі әскери парадтарға қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2020 жылдан бері әскери шерулер өткізілмеген болатын. Сонымен қатар президент Қасым-Жомарт Тоқаев Путиннің Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шараға шақыруын қабыл алды.

Қазір оқып жатыр

Ермұрат Бәпи: «Мені сатқын деуге ешкімнің хақысы жоқ»

Decaf

«Таза Қазақстан»: «Әділет» партиясы жастардың азаматтық белсенділігін арттыруда

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Астанада автосалон менеджері 53 млн теңгенің сегіз көлігін заңсыз сатып, қаржыны өз қалтасына басқан

Менеджер

Пәкістанда мектептің төбесі опырылып, 32 оқушы мен бір мұғалім қаза тапты

Оқиға орны